Жұбайына жиі ақша аударатындар да тексеріле ме – Мемлекеттік кіріс комитеті жауап берді
Отбасылық және тұрмыстық қажеттіліктер үшін жұбайлар арасындағы ірі көлемдегі аударымдар салық органдарына күдік тудырмайды. Отбасының бір мүшесі ай сайын барлық табысын екіншісіне аударса да, мұндай операциялар жасырын бизнестің белгісі болып саналмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік кіріс комитеті өкілінің айтуынша, салық қызметі отбасы ішіндегі аударымдардың көлемін шектемейді.
Отбасы ішіндегі аударымдар туралы негізгі мәселелер:
- Сома маңызды емес. Жұбайлар бір-біріне кез келген соманы аудара алады – бір миллион немесе 10 миллион теңге. Бұл жағдайда салық аудитінің критерийлері қолданылмайды;
- Ай сайынғы тұрақты аударымдар тексерілмейді. Ер адам әйеліне күнде аударып отыруы мүмкін;
- Тексерудің негізгі критерийі – жіберушілер саны. Егер қаражат 100 түрлі адамнан алынған болса, салық органдары транзакцияларға назар аударады.

"Бұл жағдайда сіз жұбайыңызға ақша жіберіп отырған жалғыз адамсыз. Қанша сома екені маңызды емес. Жұбайыңыз тексерілмейді", – деді Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің жеке табысты әкімшілендіру департаментінің басшысы Дина Құсайынова.
Сондықтан отбасы ішіндегі аударымдар тәуекел аймағынан толығымен алып тасталады, себебі олар бизнес қызметімен байланысты емес.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"