Мобильді ақша аударымдарына қатысты ескерту алған қазақстандықтарға есеп беру үшін 30 күн берілді
Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеруге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ержан Біржанов салық декларациясын тапсыру үшін 30 жұмыс күні берілгенін нақтылады. Осы кезеңде қазақстандықтар салық декларациясын тапсыра алады немесе түсініктемелер бере алады.
"Жұмыс жалғасып жатыр, біз барлық санат бойынша хабарламалар жіберіп жатырмыз. 30 күн уақыт береміз. Салық декларациясын тапсыруға немесе түсініктемелер беруге мүмкіндік беріп отырмыз. Бірақ айыппұл, шектеу немесе қандай да санкциялар қарастырылмаған", – деді қаржы министрінің орынбасары.
Еске салсақ, 2026 жылдың сәуірінде банктер қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы мәліметін салық органдарына берген еді.
Салық органдары мобильді аударымдарды қарап, қайсысы үш негізгі критерийге сәйкес келетінін анықтап жатыр:
- 100 немесе одан да көп әртүрлі жеке тұлғалардан аударымдар;
- үш айлық кезең ішінде;
- жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асады.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?
