Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігінің жарылып кеткенін хабарлады

Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігінің жарылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Борейко машина

Вадим Борейко жариялған сурет

"20 ақпанда түнде операторымның үйінің жанында оның екі көлігі жарылып кетті", – деп жазды журналист өзінің Facebook парақшасында.

Ол өз жазбасына өртеніп жатқан көліктерді сөндіру кезінде түсірілген бейнежазбасын қоса жариялаған.



Вадим Борейко – Қазақстанда танымал журналист-зерттеуші, 2019 жылдан бері YouТube желісіндегі "Гиперборей" арнасының авторы. Қазір 250 мыңға жуық жазылушысы бар арнада деректі фильмдер, зерттеулер, саяси-экономикалық және әлеуметтік тақырыптарда сұхбаттар жарияланып келеді. 46 жыл журналистикада жүрген Борейко бұл шабуылды кәсіби қызметімен байланыстырады.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 20 Ақпан, 2023 09:09
Талқылау