Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар арзандауын жалғастырып, 448 теңгеге дейін төмендеді

доллар мен теңге
Фото: depositphotos.com

Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде валютаны сатып алу және сату бағамдары әртүрлі. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,94 теңге болды. Ол алдыңғы көрсеткіштен 0,36 теңгеге төмен. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Ұлттық банкінің 21 қазанға белгілеген ресми бағамы — 448,61 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 447,59 теңгеден сатып алып, 449,62 теңгеден сатып жатыр. Астанада долларды орта есеппен 445,01 теңгеден сатып алып, 452 теңгеден сатады. Ал Шымкентте долларды 448,63 теңгеден сатып алып, 449,62 теңгеден сатады.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың басынан бері теңге 12,3 %-ға нығайды. Бұл доллар бағамы 400 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін деген болжамдарға түрткі болды. Мұндай межеге жету үшін қандай жағдайлар қажет және валюта бағамының өзгеруі қазақстандықтардың жинағына қалай әсер етеді? Stan.kz экономистердің пікіріне сүйеніп, доллар бағамының ықтимал сценарийлері мен жинақты сақтау жолдарын талдады.

Ислам Әден
Бейсенбі, 22 Қазан, 2026 17:20