Доллар бағамы бір күнде 5,6 теңгеге арзандады
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,14 теңгені құрап, 5,6 теңгеге төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық банкінің 7 қазанға белгілеген ресми бағамы – 453,65 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде тұрғындар долларды орта есеппен 445,00 теңгеден сата алады, ал сатып алу бағасы – 452,00 теңге. Еуроны 496,00 теңгеден сатуға, 506,00 теңгеден сатып алуға болады. Ресей рублін 4,97 теңгеден өткізіп, 5,17 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыда долларды орта есеппен 447,5 теңгеден сатуға, 449,30 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны тұрғындар 500,42 теңгеден сата алады, ал сатып алу бағасы – 505,21 теңге. Рубльді сатқан кезде 5,07 теңге алуға болады, ал сатып алу құны – 5,20 теңге.
Шымкент тұрғындары долларды орта есеппен 447,02 теңгеден сата алады, ал сатып алу бағасы – 449,07 теңге. Еуроны 501,36 теңгеден сатып, 507,00 теңгеден алуға болады. Ресей рублін 5,10 теңгеден өткізіп, 5,16 теңгеден сатып алуға болады.
Айта кетейік, 6 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,65 теңгені құрап, 1,71 теңгеге төмендеген.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда доллар бағамы 440 теңгеден төмен түсті. 29 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша америкалық валюта 439,37 теңге болды. Қаржы сарапшысы теңгенің нығаюына ішкі нарықтағы доллар ұсынысының артуы, шетелдік капиталдың келуі және Ұлттық қор операциялары әсер етіп отырғанын айтқан.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
