Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру: Тоқаев Атом энергиясы агенттігінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, оған 2026 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері туралы есебі таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Кездесуде Президент атом өнеркәсібі мен энергетика жөнінде мәліметтен хабардар болып, АЭС құрылысы, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, маман даярлау және саладағы жобалардың отандық үлесін арттыру мәселелері көтерілді.
“Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды”, – деп мәлімдеді Ақорда.
Кездесу соңында Президент Қазақстанда атом энергетикасын дамыту жұмыстарын бақылауда ұстауды және осы салаға қатысты жоспарларды уақытында іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Құжат Владивостокта өтіп жатқан XI Шығыс экономикалық форумы аясында рәсімделді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Баян-Өлгей аймағында не болып жатыр