Жағалаудан университетке дейін: "Қазақмыс" Ұлытау облысында қандай ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр

“Қазақмыс корпорациясы” ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Негізгі назар қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, спорт және білім беру инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ құрылыс жұмысының мерзімі мен сапасына аударылды.
"Қазақмыс" компаниясы Ұлытау облысында қалалық ортаны жақсарту, спорт пен білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Жұмыс сапары барысында компания басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Сапар кезінде "NAMYS" академиясының аумағында салынып жатқан ашық спорт алаңы да көрсетілді. Мұнда футбол алаңы мен воркаут аймағы болады. Академияда күреске, күштік жаттығуларға, спорттық ойындар мен биге арналған залдар, сондай-ақ 150 орындық жатақхана бар. Бұл жастарға спортпен айналысып жүріп, білім алуына мүмкіндік береді.

Жезқазғандағы "Жастар" саябағын жаңғыртуға 4,9 млрд теңге бөлінген. Жоба аясында серуендеу және велосипед жолдары, субұрқақ, балалар алаңдары мен жасыл аймақтар салынады. Жұмысты 2026 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театры күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ғимаратты жаңартуға 5,1 млрд теңге қарастырылған. Жөндеу жұмыстарын 2027 жылдың I тоқсанында аяқтау көзделген.

Сапар бағдарламасына Ұлытау университеті де енгізілген. Мұнда негізгі оқу корпусы мен спорт залының құрылысы аяқталуға жақын. Қазір 140 орындық жатақхана салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Университетті дамыту өңір жастарының жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтіп, тау-кен өндірісі мен металлургияны қоса алғанда, түрлі салаға қажетті мамандар даярлауға бағытталған. Нысанға барған кезде "Қазақмыс" басшылығы аумақты көгалдандыру жұмысына қатысып, көшет отырғызды.
Жұмыс сапарының қорытындысында жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуы мен құрылыс сапасына баса назар аударылды.
Компанияның мәліметінше, жұмыс істейтін өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – "Қазақмыстың" басым бағыттарының бірі. Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы бұл жобалар тұрғындардың демалуына, спортпен айналысуына және білім алуына қолайлы жағдай жасауға арналған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Баян-Өлгей аймағында не болып жатыр