Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Esentai City-де жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

жарылыс
Фото: Видеодан скрин

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады. Қалалық әкімдік оқиғаға қатысты мәлімет берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәліметке сәйкес, жарылыс 22 қазанда Esentai City тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін үш пәтерге зақым келген.

Төтенше жағдайға үй жертөлесінен газ шығуы себеп болуы мүмкін.

Алматы қаласы әкімдігінің дерегінше, Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйде газ бен ауан қоспасы жарылған. Оқиғадан кейін өрт шықпаған. Жағдайға табиғи газдың шығуы себеп болуы ықтимал.

“Оқиғадан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алды. Дәрігерлер оларды тексеріп, қажет медициналық көмек көрсеткен соң үйіне жіберді. Балаларды ауруханаға жатқызу қажет болмаған”, – делінген жауапта. 

Қазір жауапты қызметтер оқиғаның нақты себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде жарылыстан кейін жансақтау бөліміне түскен газ құюшы жанған көліктің шығынын өтейтіні туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 22 Қазан, 2026 15:00