Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Достарым пранк жасап тұр деп ойладым": Қазақстандық азамат ойламаған жерден лотореядан көлік ұтып алды

Алматы облысының тұрғыны күтпеген жерден көлік ұтып қуанышқа бөленді. Азамат есімді тұрғынның лотереяға қатыса бастағанына небәрі екі-үш апта болған. Сондықтан алғашында ұтыс туралы хабарлағанда мүлде сенбеген. Тіпті, жеңісіне толық көз жеткізбейінше, бұл жаңалықты ата-анасына да айтпаған. Қазір баспанасын салып жатқан ол көліктің орнына ақшалай сыйлық алуды ұйғарды. Азаматтың бағы жануына "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы себеп болды.

Азамат бұған дейін ұтыстарға қатыспаған. Айтуынша, екі-үш апта бұрын ол 20 мың теңгеге көлік пен пәтер ойнатылып жатқан лотореяларға билет сатып алып, бағын сынап көрмек болған.

“Бір танысым: “Ұтыс біреуге бұйырып, біреуге бұйырмауы мүмкін. Қатысып көрсеңші” деп кеңес берді. Бұған дейін шынымды айтсам лотереяға қатыспаппын. Танысым осы “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотореясы туралы толық айтып берді. Сонымен екі-үш апта бұрын билеттерімді алдым”, – деп баяндады азамат.

“Достарым пранк жасап тұр деп ойладым”

Алматы облысы тұрғынының билеті шынымен сәттілік алып келген. Ол  LOTO 6/49 қатысып, көлік ұтты. 

“Алғашында “Сәтті Жұлдыз” өкілдері хабарласып ұтыс туралы айтқанда достарым пранк жасап тұрған шығар деп сенбедім. Маған “дүйсенбі күні сағат 11-де келіңіз, сөйлесеміз” деді. Тіпті ұтысымды алуға кеңсеге шақырса да көзім жетпейінше ешкімге айтпадым. Ата-анам, отбасым бұл туралы білмеді. Себебі бірінші өзім көз жеткізгім келді. Соңына дейін сенбедім. Ішімде кішкене толқыныс та болды. Ал кейін жолай келе жатып “шынымен бе, әлде түсім бе?” деп ойландым. Осылайша мұнда келіп шынымен жеңімпаз атанғанымды білдім. Өте қуаныштымын!”, – деп қосты ол. 

Азамат  LOTO 6/49-да ұтып алған көлігін ақшаға айыр бастамақ. Себебі айтуынша бұл сыйлық дәл қазір өзі салып жатқан баспанасын толықтай аяқтауға үлкен көмек болмақ. 

“Ұтысымды ақшалай алуымның себебі – баспанамның құрылысы. Оның үстіне, білесіздер ғой үй салу оңай емес, қарыздары мен несиелер де қатар жүреді. Осы тұста бұл қаражат маған осы шығындарды өтеп, үйімнің құрылысын аяқтауға бағыма қарай келген, керемет мүмкіндік болып отыр. Сенбеп едім, көріп тұрғандарыңыздай шын екен. Бақ шаба ма, бап шаба ма белгісіз. Біреудің бағы жанады, біреу өз кезегін күтеді”, – деді тұрғын. 

Азамат бұдан кейін де осындай ұтыстарда тағы да мүмкіндігін байқап көргісі келетінін жасырмады. 

“Бұл қуанышты хабар туралы тек бір ғана досым білетін. Енді ата-анам мен жақындарыма да хабарлаймын. Осы ұтыстан кейін “шынымен қатысуға болады екен ғой” деген ой келді. Әрине, алдағы уақытта тағы да бағымды сынап көремін. Өзгелерге өз тәжірибемнен айтарым, қорықпаңыздар! Бақтарыңызды сынап, қатысыңыздар! Бәлкім мен секілді бірден жолдарыңыз болып кетер! Мен алда пәтер ұтқым келеді. Сол үшін тағы да тырысып көремін”, – деп қорытты ол. 

"Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясында LOTO 6/49-да бүгінгі джекпот көлемі 130 миллион теңгеден асады. 

"Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы сонымен қатар TeleBingo-да да қосымша ұтыс ұйымдастыруда. Мұнда қатысушылар бірнеше миллион теңгелік жүлделерге және 100 миллион теңгеден асатын SuperBingo ұтысына таласа алады. 

TeleBingo тираждары апта сайын өткізіледі. Билетте 1-ден 90-ға дейінгі сандардың ішінен алдын ала таңдалған 15 сан көрсетіледі. Тираж кезінде лототроннан шыққан сандар билеттегі нөмірлермен сәйкес келсе, қатысушы тиісті жүлде санатына ие болуы мүмкін. Ал SuperBingo ұту үшін лотерея ережесінде көрсетілген шарттарды орындау қажет. 

TeleBingo әр жексенбі сайын сағат 10:00-де өтеді. Тікелей эфирді 31-арнадан немесе "Сәтті Жұлдыз" компаниясының YouTube арнасынан көруге болады.

Stan.kz
Бейсенбі, 22 Қазан, 2026 16:00