Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясы салынады: Маңызды келісімге қол қойылды

АЭС

Фото: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Құжат Владивостокта өтіп жатқан XI Шығыс экономикалық форумы аясында рәсімделді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Келісімшартқа "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС мен "Росатом" мемлекеттік корпорациясының еншілес кәсіпорны – "Атомстройэкспорт" АҚ қол қойды. Рәсімге Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Росатом" бас директоры Алексей Лихачёв қатысқан. 

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, бұл келісім алғашқы АЭС жобасының практикалық кезеңге өткенін білдіреді. Енді тараптар 2026 жылғы 28 мамырда жасалған үкіметаралық келісімге сәйкес қажетті рәсімдерді жүргізуге кіріседі. Оның ішінде Қазақстан Үкіметімен келісу жұмыстары да бар.

Ведомство АЭС құрылысының елдегі электр энергиясына сұраныстың өсуіне байланысты маңызды екенін атап өтті.  Одан  бөлек, экономика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, цифрландыру және жасанды интеллект салалары дамыған сайын тұрақты электр қуатына қажеттілік те арта түседі.

Жоба аясында қазақстандық кәсіпорындар мен мамандарды тартуға басымдық берілмек. Сондай-ақ отандық тауарлар мен қызметтерді пайдалану, жаңа өндірістерді іске қосу және атом энергетикасына қажет мамандар даярлау да көзделліп отыр.

Агенттік мәліметінше, алғашқы АЭС елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп, атом саласындағы отандық құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді.

Қарлығаш Асқарова
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2026 09:45