Қазақстанда бензин мен дизельге салынатын қосымша акцизді төмендету ұсынылды
Қазақстанда бензин мен дизель отынына салынатын қосымша акциздің мөлшерін азайту ұсынылды. Ұлттық экономика министрлігі өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасын әзірледі. Құжат қабылданса, мұнай өнімдерінің көтерме бағасы өскен кезде қолданылатын өзгермелі қосымша акциздің үлесі 95%-дан 50%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қандай өзгеріс ұсынылды?
Жобаға сәйкес, қосымша акциз үлесін 95%-дан 50%-ға дейін төмендету көзделген. Осылайша, 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болған тәртіпке қайта оралу ұсынылып отыр.
Өзгерістер авиациялық бензиннен басқа бензинге, дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға қатысты.

Өзгеріс не үшін қажет?
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бастама мұнай өндіруші ұйымдардың экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сала кәсіпорындарын дамыту мен жаңғыртуға инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Өзгерістерден күтілетін нәтижеге 2027 жылғы қаңтарда қол жеткізу жоспарланып отыр.
Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Оны талқылау 2026 жылғы 5 қарашаға дейін жалғасады.
Құжатпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бензин мен дизель отынына салынатын қосымша акциздің үлесін 95%-дан 50%-ға дейін төмендету ұсынылғаны туралы жазған едік.
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты