Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бензин мен жанар-жағармай бағасына бақылау күшейтіледі

Жанармай құю бекеті
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда жанар-жағармай нарығындағы жағдайға мониторинг күшейтілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді. Агенттік төрағасы Марат Омаров орталық аппарат пен аумақтық департаменттердің өкілдерінің қатысуымен жанар-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі жағдай мәселесі бойынша кеңес өткізген. 

“Кеңес барысында агенттік төрағасы аумақтық департаменттерге мұнай жеткізушілердің, мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізушілердің, сондай-ақ көлік жанармай құю станцияларының (АЖҚС) және автогаз құю станцияларының баға саясатына мониторингті күшейтуді тапсырды”, – делінген хабарламада. 

Бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілері анықталған жағдайда департаменттерге монополияға қарсы шаралары қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар агенттік тарапынан бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді. Сондай-ақ өңірлік штабтар қызметі аясында ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтілуде.

Еске салсақ, бұған дейін энергетика министрлігі елдегі жанармай нарығындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы туындау қаупі жоқ екенін хабарлаған еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Шілде, 2026 22:13