Тоқаев журналистерге қастандық жасауға тапсырыс бергендерді табуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел басшысының айтуынша, ол қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалды.
"Президент құқық қорғау органдарына журналистерге бағытталған бірқатар қылмыстарға мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуы тиіс", – деп жазды Руслан Желдібай.
Естеріңізге салсақ, 14 қаңтарда Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртенді. Араға бірнеше күн салып, журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігіне белгісіз біреулер монтаждау көбігін құйып, YouTube-арнасының атауын жазып кеткені хабарланды. Екі оқиғаны да олар қызметіне байланысты жасалған қастандық деп топшылап отыр.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"