Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатынан қаза тапқан 18 жастағы баланың анасы Тараз әкімдігінің қызметкерін кінәлайды (видео)

Тараз қаласының тұрғыны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жазып, көмек сұрады. Бейнежазбадағы Гаухар Қапарбекова 18 жастағы ұлын қала әкімдігінің қызметкері өлтіргенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дтп тараз

Қайғылы оқиға осы жылдың 23 қарашасында таңғы сағат 18.00 шамасында болған. Жүргізуші “BMW” көлігінің рөлінде отырған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қапарбекованың ұлы қаза тапқан, ал оны қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Әйелдің айтуынша, қылмыскер әлі күнге дейін бостандықта жүр.

"Кұрметті президент, қадірлі қазақстандықтар қылмыскердің әділ жазасын алып, іс өз бетінше жабылып қалмасы үшін тиісті шара қолдануға ықпал етулеріңізді сұраймын", - дейді Гаухар Қапарбекова.

Бейнежазбаға Тараз қалалық полиция басқармасы түсінік берді. Онда ҚР Қылмыстық кодексінің 345 және 347-баптары ("Жол қозғалысы ережелерін бұзу" және "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Тараз қалалық ІІБ қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр", – деді полиция.


Шығыс Қазақстанда полицей қарамағындағы қызметкерді зорлады деп айыпталды


 

Талқылау