Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылап алмақ болып балалар алаңындағы орындыққа отырған әйел айыппұл арқалады

Әйел жылап отыр
Фото: Magnific.com

Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында Хана есімді тұрғынға балалар ойын алаңында баласыз отырғаны үшін 25 еуро (13 мың теңге) айыппұл салынды. Әйел жеке басындағы жағдайға көңілі түсіп, жылап алу әрі туысымен телефон арқылы сөйлесу үшін сол жердегі орындыққа отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті Westdeutsche Allgemeine Zeitung (WAZ) газетінің мәліметінше, оқиға қазан айында болған.  

Хананың айтуынша, ол орындықта отырған кезде қалалық қоғамдық тәртіп қызметінің үш маманы келіп, ойын алаңына балаларымен бірге келген-келмегенін сұраған. Әйел балалары қасында жоқ екенін айтқан соң, қызметкерлер оған айыппұл салған.

Хана балалар алаңында ересектерге тек бала ертіп келгенде ғана отыруға рұқсат берілетінін білмегенін айтты. Ол қызметкерлер бірден айыппұл салмай, басқа орындыққа ауысып отыруын сұрай алар еді деп санайды.

Қала әкімдігі бұл ереже балалардың қауіпсіздігі үшін енгізілгенін түсіндірді. Әкімдіктің баспасөз хатшысы Мартин Шульманн қоғамдық тәртіп қызметкерлері ережеге сай әрекет еткенін айтып, 25 еуро айыппұлды "салыстырмалы түрде жеңіл әрі жағдайға сай шара" деп бағалады.

Оқиға болған кезде Гельзенкирхенде балалар алаңындағы тәртіп ережесін бұзғаны үшін стандартты айыппұл 55 еуро болған. Қарашаның ортасында қала билігі оны 60 еуроға көтерді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Қараша, 2026 18:50