Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жетер енді»: Роза Әлқожа әншіні көрсе қуанып, сыртынан жамандайтындарға назын айтты

Кемедігінің жаны бір! Дәл осындай желеумен Роза Әлқожа өнер иелерін жарыса жамандайтандарға базынасын айтты. Әншіні көрсе жарыса суретке түсіп, қолтаңба алуға асығып, бірақ сыртынан ғайбат сөз айтатындарды Роза Әлқожа түсіне алмай дал. Бұл ретте әнші тыңдармандарды әншілер қауымын емес, халықтың ақшасын жымқырып, ойына келгенін істеп жүргендерді сынауға шақырды.

19875095_1606130309460009_7118200419342154002_n

Бұл туралы пікірімен Роза Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Əншілерді жамандайтындар! Үйіңе келіп қалса – қуанып, жүгіріп жүріп шай бересің. Өйткені, абырой! Тойыңа науада кеп жатса, тағы байқамай жүгіріп жағдайын жасап кетесің. Оның келгені бəрібір абырой! Осы кезге дейін үндемеуші ем. Көпке топырақ шашып қажеті қанша?! Əншінің де естісі, есері бар!

Сіздер түгілі, əнші менің өзім əншіге жақын жүрсем шаттанамын! Өйткені, мен де бір кездері əнін тыңдап сүйсінгенмін. Қасында жүремін деп армандамағанмын да!

Əн салатын жүректің лас болуы мүмкін емес! Алыссаңыздар – жолдың ақшасын жеп қойған, тендерден ұтып ап қара басын күйттеп жүрген алаяқтар жетеді емес пе?! Əлде, оған сауат жетпей ме?! Эфирге шығарып, маймыл етіп көрсетіп əншіден аллергия жасағанын да білеміз. Дегенмен, бас сала беру дұрыс емес деп үн қатқым келеді!» – дейді Роза Әлқожа.

Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” тобы: Хейтерлерден қорғану үшін шынайы өмірде қару қолданғанымыз рас (видео)

Жанды дауыста ән айта алмаған Төреғали мен Ерке елдің көңілін қалдырды (видео)

Мәдина Ералиеваның әнін тамылжыта шырқаған Абай мен Асхат жұртты таңдай қақтырды (видео)

Димаш шетелде Виктория Бекхеммен бірге өнер көрсетеді

Талқылау