Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” тобы: Хейтерлерден қорғану үшін шынайы өмірде қару қолданғанымыз рас (видео)

Жуырда дебюттік фильмдерін көрерменге ұсынған Ninety one тобы блогер Ержан Рашевқа сұхбат беріп, түсірілім барысында бастан өткерген қиыншылықтары туралы ашық әңгімеледі. Атышулы топ жігіттері режиссер Асқар Ұзабаевпен жұмыс істеудің қиыншылығы мен фильмдегі оқиғалардың қаншалықты шындыққа жанасатыны жайлы айтты.

найнти уан кару

Назарларыңызға 91 тобымен болған сұхбаттан үзінді ұсынамыз.

– Түсірілім барысында қандай қиындықтарға кезіктіңіздер?

Alem: Фильмді түсіру барысында басымыздан түрлі жағдайлар өтті. Іштей өзгердік. Бірақ өз-өзімізді ойнағандықтан, сол кездегі күйді қайта кешіп, сезімдерді қайта бастан өткеру ең қиыны болды.

– Қайта актер өзін ойнаса, жеңіл тимей ме? Мысалы, шынайы өмірдегі Alem кинода да Alem-нің рөлін сомдайды. Сырт көзге қарасақ, қиын түгі жоқ сияқты…

ZAQ: – Аса қатты қиналдық деп айта алмаймын. Негізі бізге өзіңді сомдау қиын болады деп ескерткен. Актерлік шеберліктен сабақ берген ұстазымыз: «Шынында өзіңді-өзің сомдау бәрінен қиын», – деп айтты. Себебі адам өзіне субъективті көзқараспен қарағандықтан, объективті түрде бағалай алмайды. Яғни, сен өзіңнің қандай қылықтар жасайтыныңды, жалпы кім екеніңді бағалай алмайсың. Ал кинода осыны көрсету қажет. Ол үшін әр адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі шарт. Бәрінен қиыны сол болды.

найнти уан 0609

– Фильмдегі оқиғалар қаншалықты шындыққа жанасады және ойдан құрастырылған бөлімнің үлесі қандай?

Alem: – 90/10 пайыз.

ZAQ: – Шын мәнінде, ол ойдан құрастырылған дүние емес. 10 пайыз – ол өмірде болған шындықты басқаша, яғни кинематографияға сай келетіндей етіп ұсыну.

– Ал AZ-дің қару сатып алып, өзіне кезеген көрінісі өмірде де болды ма?

Bala: – Иә, таза шынды және ол сәт көңілді болды деп айта алмаймыз.

– Төбелес те болды ма?

ZAQ: – Иә, бірақ кинодағыдай сонша таяқ жеген жоқпыз.

– Яғни, шынайы өмірде өздеріңізді жақсы қорғадыңыздар?

ZAQ: – Әртүрлі жағдайлар болды.

– Фильм режиссері жайында айтып берсеңіздер… Асқар Ұзабаев – еліміздегі танымал режиссерлердің бірі. Онымен жұмыс істеу қиынға соқпады ма?

Alem: – Бізге көптеген адамдар ол кісімен жұмыс істеудің оңай емес екенін ескерткен. Себебі түсірілім алаңында ол талапты өте жоғары қоятын әрі ешкімді аямайтын маман.

ZAQ: – Оған қоса, ол кісі өте шығармашыл адам, небәрі 5 минуттың ішінде барлық сценарийдің тас-талқанын шығарып, өзгертіп тастай салады.

Ace: – Бірақ бізге ол аса ұрысқан жоқ. Себебі біздің актер ретінде толықтай ашылғанымызды, жабылып қалмауымызды қалады.

Alem: – Біз ол кісіден бұл туралы сұрадық. «Неге ұрыспайсыз?» десек: «Несіне ұрсамын? Актер емессіңдер. Ұрысқан соң өз-өздеріңмен жабылып қалғандарыңды қаламаймын», – деді. Жалпы ол бізбен жұмыс істеудің жолын тапты. Ол кісімен жұмыс істеу бізге өте қатты ұнады. Өзіміз үшін көп нәрсе үйрендік. Ұзабаевтан алған тәжірибені енді клип түсіру барысында қолданып жүрміз.

– Фильм сценарийіне қаншалықты араластыңыздар?

Alem: – Иә, режиссермен келіспеген тұстарымыз болды. Шынайы өмірде бұлай болған жоқ, басқаша деп келіспедік.

ZAQ: – Сонда бізге: «Достар, бұл көркем фильм», – деп түсіндірді. «Көрерменге «осыны, осыны» жеткізуіміз керек. Яғни, мағынасы тура сол, тек соны басқаша жолмен көрсетіп жатқан жоқсыңдар ма?» – деген соң түсіндік.

Жіберіп алмаңыз:

Жанды дауыста ән айта алмаған Төреғали мен Ерке елдің көңілін қалдырды (видео)

Аша Матай бокспен айналыса бастады (фото)

Айқынның өтірігі ашылып қалды

Қарақат Әбілдина: Зәбір көрген сәбидің ащы зарын естіп, көкірегім қарс айырылды (видео)

Талқылау