Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқынның өтірігі ашылып қалды

Әнші Айқын Төлепберген бұған дейін Жұлдыз Өмірғалиге үйленгенін жасыру үшін, желіде тарап кеткен видеоны фильмнен үзінді деп түсіндірген еді. Енді Айқын түскен «Қария» телехикаясының монтажы аяқталып, көрермен назарына ұсынылды. Бірақ ол фильмге Жұлдыз Өмірғалидың түспегені белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

айкын 050917

«Бұл драма жанрындағы туынды болғандықтан, біз шағын махаббат хикаясын қосу үшін Айқынды алдық. Ал, Жұлдыз Өмірғали түсті деген жалған ақпарат ел арасында тарап кеткен екен. Жұлдыз бұл телетоптамада бой көрсетпейді» – дейді телехикая продюсері Нұржайна Жұмадиллаева.

Ал Айқынның өзі сомдаған образы жайлы былай дейді.

«Айбар деген ол бір байдың баласы. Ешқашан клубтарға бармаған, бұзылмаған жақсы жігіт. Әке-шешесі жақсы тәрбиелеген. Көрші үйге келген қызға ғашық болады. Ол қыз жағымсыз кейіпкерді сомдайды. Алайда, соңында сол аруды жақсы жолға салатын жігіт» – деген Айқын өз образына осылайша анықтама берді.

Ал желіде тараған  «Жұлдызды ұзатып алып кетіп жатқан» видео жайлы ештеңе айтқысы келмейді. Жұлдыз Өмірғали жайлы, жеке өмірі жайлы айтудан мүлде бас тартты.

Инстаграмда Жұлдыздың суретін тамашалағандар  түрлі пікір қалдырып жатыр.

«Аяғыңыз ауыр екені көрініп тұр. Несіне жасырасыз. Неге жүзіңізді ғана суретке түсіріп жүктейсіз. Бойыңызбен суретке түссеңізші» деген сынды алуан түрлі сын пікірлер мен ұсыныстар  жетерлік.

Жұлдыз жеке өмірін халықтан ғана емес әріптестерінен де жасырып жүрген сияқты. Себебі Аты шулы «Кешью» тобында Жұлдызбен бірге ән салған Ақбота Сейтмағамбет « Ватсапқа жазшы. Хабарласшы» деген жазба қалдырған.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Ғазизхан Шекербеков “Қайрат Нұртас арқылы танылды” деп сынағандарға жауап берді

Қарақат Әбілдина: Зәбір көрген сәбидің ащы зарын естіп, көкірегім қарс айырылды (видео)

Жанатбек Бәйтеков: Атақ-марапаттардың бәрі елге еңбегі сіңбеген азаматтарға беріліп жатыр

Қайрат Нұртас әйелін жаңа әнінің бейнебаянына түсірді (видео)

Талқылау