Жеңілдетілген несие шетелдік көліктерге берілмейді: Индустрия министрі автонесиеге байланысты жаңа ұсынысты қабылдамады
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автокөлік несиесін шетелде шығарылатын көліктерге беру туралы ұсынысты қабылдамады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр бұл ұсыныстың нонсенс екенін атап өтті.
"Жоқ, әрине бұл нонсенс: біз басымдылықты шетелдік өндіріске, шетелдік жұмыс күшіне, шетелдік салық базасына беруіміз қажет пе? Әлбетте, жоқ. Тек өзімізде өнідірілетін көліктерге ғана несие беріледі", – деді индустрия министрі.
- "Көлік қымбаттай береді": Маман 4%-дық автонесиелеу бағдарламасына баға берді
- Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 миллиардтан астам теңге бөлінеді
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа көліктердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жеңілдетілген автонесие қайта іске қосылғаны хабарланған.
Ал "ҚазАвтоӨнеркәсіп" автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарының одағы министрліктің жеңілдетілген несиелерді тек отандық құрастырылған көліктерге беру ұсынысымен келіспеген еді және жеңілдетілген автокөлік несиесін импортталатын көліктерге беруді ұсынған болатын.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді