Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 миллиардтан астам теңге бөлінеді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Халықтың эконом-классты отандық автомобильдерді сатып алуы үшін жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасына 100 миллиардтан астам теңге бағытталатын болады", – деп мәлімдеді Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, елорданы өңірлермен шұғыла қағидаты бойынша байланыстыратын автомагистральдарды одан әрі қайта құру қарастырылған. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жер, газ, су, электр энергиясымен тең қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар премьер-министр автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын әжептәуір төмендету көзделіп отырғанын айтқан болатын.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады