Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде танымал "Қызылорда аруының" жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болды

Әлеуметтік желілерде "Қазақстан аруы – 2019" және "Қызылорда аруы – 2017" сұлулық байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазинаның жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Instagram-пабликтерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, қыз Алматы қаласында жоғалып кеткен.  Гүлнұр Нұртазинаның жеке деректері де жарияланды.

Алайда Алматы қаласының ПД полиция басқармасы ешқандай өтініш түспегенін мәлімдеді.

"Алматы қаласының ПД бірде-бір полиция басқармасына және бөліміне хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарламалар, өтініштер, арыздар түспегенін хабарлайды. Бұл жалған қауесет болуы мүмкін", - делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.



Еске салайық, "Қызылорда аруы" Гүлнұр Нұртазаның ыдыс жуған видеосы интернетте кең тарап, қызу пікірталас тудырды. Гүлнұр Нұртаза жетім қалып, ақша табуға мәжбүр болғаны белгілі болды.

Гүлнұрдың өзі айтқандай, басқа жерлерде олар одан еңбек шарты бойынша міндеттемелерінен бөлек көп нәрсе талап еткен екен.

Желіде тараған видеодан кейін Гүлнұрға жан-жақтан қолдау көрсетілді. "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары оған сән әлемінен жұмыс ұсынды.

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова да Қызылорда аруы Гүлнұр Нұртазаға көмек қолын созды.

Талқылау