Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруын телеарнаға жұмысқа орналастырмақ

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Қызылорда аруы Гүлнұр Нұртазаға көмек қолын созды. Актриса алдағы уақытта Гүлнұр Нұртазамен тікелей эфирге шығады.

«Қыздың орны бөлек. Біз әрқашан қыздарын құрметтейтін халықтың ұрпағымыз. Гүлнұр Нұртаза туралы жаңалықтар бірнеше күннен бері тарап жатыр. 15 жасында ол әкесінен айрылды, бірнеше ай бұрын оның анасы коронавирустың құрбаны болды. Адал еңбекпен өмір сүрген қыз көпшіліктің таңданысын тудырды. Гүлнұр теледидарда немесе модель саласында жұмыс істегісі келеді. Сондықтан мен осында жұмыс жасайтын беделді адамдарға өтініш айтамын.

1 ақпанда ол менімен байланысып, ресейлік шоуға қатысуға кеңес сұрады. Сол кезден бастап таныса бастадық. Көп ұзамай мен Гүлнұрмен тікелей эфирге шығамын. Өз елінің намысын құрметтейтін қыз үшін қазақстандық телевизияда жақсы жұмыс болады деп сенемін», - деп атап өтті Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бұған дейін Гұлнұр Нұртаза ыдыс жуып, нәпақа тауып жүргенін айтты. Танымалдығы артқан соң ресейлік шоудан шақырту алған. Алайда Қызылорда аруы шақыртудан бас тартқан. Бұл әрекетін көпшілік қолдап жатты. Әсіресе, Қуат Найман мақтауын асырып, тіпті Гүлнұрмен кездесуге дайын екенін жеткізді. 

"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары қиын өмірлік жағдайға тап болған жоба финалисі Гүлнұр Нұртазаға көмек қолын ұсынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр