Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кафеде ыдыс жуып жүрген "Қазақстан аруы" финалисіне сән әлемінен жұмыс ұсынылды

"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары қиын өмірлік жағдайға тап болған жоба финалисті Гүлнұр Нұртазаға көмек қолын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гүлнұр Нұртаза 2017 жылы "Қызылорда аруы" атағын жеңіп алды. Ал 2019 жылы Қызылорданың алғашқы аруы "Қазақстан аруы" атанды.

Этнодизайнер Нұр-Сұлтандағы "Аналар аманаты" жеке этномузейі мен "Бақытты отбасы" республикалық үйлестіру орталығында жұмыс істеуді ұсынды.

"Қызылорда әкімдігі біздің финалистті жұмыспен қамтамасыз етуге және жан - жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді", - деді "Қазақстан аруы" байқауын ұйымдастырушылар.


"Кездесуге барамын": Қуат Хамитов енді ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруына көз салды 


Қазақстандық фэшн-брэндтердің бірі Гүлнұр Нұртазаға Алматыда жаңа шоурумда сатушы-кеңесшінің жұмысын ұсынды. Сондай-ақ, Гүлнұр сұлулық салондарының танымал желісінде стилист оқуын оқып, жұмысқа тұруға шақырды.

"Қаншама мейірімді адам Гүлнұрға қол ұшын беруде. Бүгін, пандемия, бәріне қиын. Бірақ біз әлсіздерге көмек қолын созып, мықты боламыз. Сіздерге, достарыңызға мейірімділік пен жанашырлық үшін алғыс айтамыз! Әрине, Гүлнұрға оның жаңа бастамаларына зор табыс тілейміз!" - деп атап өтті ұлттық сұлулық байқауының дирекциясы.

Айта кетейік, «Қызылорда аруы-2019» байқауының финалисі Гүлнұр Нұртазаның ыдыс жуған видеосы интернетте кең тарап, қызу пікірталас тудырған еді.

 

Талқылау