Жазира Байырбекова Украинада ата-анасыз қалған балаларды асырап алмақ
Украинадағы ұрыс кезінде ата-анасынан айырылған балалардың видеосы әнші Жазира Байырбекованың жүрегін елжіретті. Өнер иесі ұлты мен дініне қарамастан, тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәбилерді асырап алғысы келеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әншінің өзі айтып берді.
"Украинада соғыстан ата-аналары қайтыс болған бүлдіршіндердің видеосын көрдім. Кіп-кішкентай бөпелер. Сол рас болса, бізге рұқсат етілсе, 2-3 бүлдіршінді ұлтына да, дініне де қарамай, отбасымызға қабылдап, аналық махаббатымды берер едім", – деп ағынан жарылды Байырбекова.
Әнші балаларды асырап алудың жолдарын білетін, көмек бере алатын адамдардан көмек сұрады.
"Күйеуімнің арқасы": Жазира Байырбекова жас болып көрінуінің сырын ашты
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"