"Күйеуімнің арқасы": Жазира Байырбекова жас болып көрінуінің сырын ашты
Ұлы ер жетіп, ене атанудың алдында тұрған Жазира Байырбекованың сұлулығына, дене бітіміне тамсана қарайтындар көп. Осы ретте оған фанаттары тарапынан сансыз сауалдар жолданады. Байырбекова жас болып көрінуінің құпиясын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің сөзінше, бірқалыпты салмақты ұстап тұруы – күйеуі Жанболаттың еңбегі.
“Қалай толып кетпей бірқалыпты жүресіз?" дейді. Күйеуімнің арқасы. Жәкең маған 25 жылдан асса да, жаңадан үйленгендей қарайды.
Қалай дейсіздер ме? Мен онымен тәулігіне 24 сағат біргемін. Маған күнде "әйел қандай болу керек" деген сабақ өтеді. "Олай істеме, былай істе, мынаны ки, мынаны киме, ана жаққа бар, мына жаққа барма, мынандай әңгіме айт, мынандай әңгіме айтпа" деген сияқты ғой.
Егер өз білгеніммен жүре беретін болсам, Жәкең өте жұмсақ болса, мінезі жайлы болса, толып кететін шығармын. Осындай болғаныңа рахмет, Жәкем!" – деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?