Президент Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстан зардап шеккендер туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыс жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жамбыл облысына қорғаныс және төтенше жағдайлар министрі, ішкі істер министрінің орынбасары аттанды. Жақын арада орналасқан ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім шығарылды. 30-ға жуық облыстық ТЖ департаментінің және әскери қызметкерлер жарақат алды”, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Президент жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
“Өртті сөндіру бойынша жедел штаб оқиға орнында жұмыс істеуде. Жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлігінің бөлімдері жұмылдырылды. Уақытша теміржол байланысы тоқтатылды”, – деді президент.
Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында әскери қоймада жарылыс болғаны айтылған еді.
Адамдарды жедел көшіруде: Жамбыл облысында болған ТЖ туралы не белгілі?
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі