AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдарды жедел көшіруде: Жамбыл облысында болған ТЖ туралы не белгілі?

Бүгін 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт орын алған.

Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылған.

Әскери бөлім аумағында болған жарылыстар кешкі сағат тоғыздар шамасында басталған. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қоймадағы жарылыстар әлі де жалғасуда. Төтенше жағдай маңына жақын тұратын адамдар үйлерін тастап кетіп жатыр. Оқиға орнына арнайы техника тартылған.

Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада тұтанған өртті жою жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің бір бөлігі оқшауланған. Сондай-ақ оқиға орнына Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді.

Ақпарат алуға, сондай-ақ оқиға болған жерді визуалды тексеруге жарылыстар мен өрт кедергі келтіреді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қоймада "алыс қашықтыққа ұшпайтын" инженерлік оқ-дәрілер сақталған. 

Қорғаныс министрлігі тұрғындардың көшірілгенін ресми түрде растады.

Жамбыл облысының әкімдігі жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарлады. Сонымен бірге Қайнар ауылының халқы да қауіпсіз жерге көшірілуде.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді күзету ұйымдастырылды.

Алматыдан Таразға баратын жолдың жабылғаны хабарлануда.

Жаңа мәліметтер бойынша, "Алматы-Тараз" жолдарын облыстың жол полициясының 3 экипажы, "Тараз-Алматы" 5 экипажы жауып тастаған. Апат болған жерге баратын барлық жолдар, соның ішінде теміржолға да тосқауыл қойылған.

Қазіргі уақытта Петропавл - Қызылорда және №78 Маңғыстау - Алматы -2 бағытындағы №75 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтап тұр.

Сонымен қатар, мына жолаушылар пойыздарының кешігуі күтілуде: 

- № 41 Алматы -2 - Атырау бағыты бойынша;

- № 11 Алматы -2 - Шымкент бағыты бойынша;

- № 24 Ақтөбе - Алматы -1 бағыты бойынша;

- № 002 маршрут бойынша Шымкент - Алматы -2;

- № 72 маршрут бойынша Түркістан - Алматы -2;

- № 86 маршрут бойынша Сарыағаш-Нұр-Сұлтан-1;

- № 22 хабарлама бойынша Қызылорда - Семей.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының ақпараттық бюроларына немесе 105 бірыңғай ақпараттық қызметіне хабарласуы керек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр