Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалаңаш отырған": БҚО-да ата-аналарды мұғалімнің Тик-Токта түсірген видеосы шошытты

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданындағы Январцевская орта мектебі оқушыларының ата-аналары мұғалімге шағым түсірді. Сөздерінше, ұстаз ТикТокта орынсыз видеолар орналастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқушылардың бірінің анасы баласының барлық балалар сияқты үнемі әлеуметтік желілерде отыратынын айтты.

"Менің қызым үнемі телефонмен отырады. Қазір TikTok пайда болды, сол жерде барлығы видео жүктеп жатыр. Ағылшын тілі мұғалімі және тәрбие ісінің бас мұғалімі Дамир Батыржан ТикТок сайтында орынсыз видеолар орналастырады. Видеода мұғалім жалаңаш отыр. Мұны оның шәкірттері көріп отыр. Мен балаларға үлгі болу керек мұғалім мұндай бейнелерді орналастырмауы керек деп санаймын", - деді ол. 

Оқушылардың ата-аналары бұл туралы мектеп әкімшілігіне айтқан, бірақ ешқандай реакция болмаған. Мұғалім арнайы эффекттермен және ұятсыз сөздермен түрлі бейнероликтерді жүктеген.

Дамир Батыржанның өзі бұл видеоларды орналастырғанына өкінетінін айтты.



"Мен мұның жаман екенін түсіндім. Бұлай жасағаныма қатты өкініп тұрмын. Бүгін парақшамды өшіріп тастаймын. Осы видеоларды орналастырғаным үшін студенттер мен әріптестерімнен кешірім сұраймын", - деді ол.

Бәйтерек аудандық білім бөлімінің бастығы Серік Сафиуллин бұл видеоларды бірінші рет көріп отырғанын және мәселені шешетінін айтты.

"Мен мектеп директорымен сөйлестім. Қандай жағдай болмасын, мұғалім мұндай видео жүктемеуі керек. Мұғалімдер әлеуметтік желіге не жазғанын қадағалауы керек, өйткені олар оқушыларға үлгі", - деп түсіндірді Сафиуллин.

Оқиғадан кейін мұғалім желідегі видеоларын өшіріп тастаған. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында екі мұғалім кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілінді.

Талқылау