Ақтаулық оқушылар алтыншы қабаттың терезесінде тұрған баланы құтқарып қалды
Әлеуметтік желіде киімсіз кішкентай баланың алтыншы қабаттағы терезеде тұрған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан төменде дене шынықтыру сабағын өтіп жатқан оқушылардың жиналғанын көруге боалды.
Мектеп қызметкерінің айтуынша, оқушылар терезе алдында тұрған баланы байқап, үшеуі пәтерге қарай жүгірсе, қалғандары төменде тұрып, үстіндегі киімдерін керіп, бала құлаған жағдайда қағып алуға дайын болған.
“Мектебіміздің оқушылары адам өміріне бейжай қарамай, батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Жағдайды алғаш көрген Ботагөз Өміріұзақова болды. Игі істің ұйымдасқан түрде жүзеге асуына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ернар Елубаевтың қосқан үлесі зор”, – деп жазды желі қолданушысы.
Оқушылар баланың анасына болған жағдайды айтып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Нәтижесінде бала аман қалды.
Бұған дейін Алматыда журналистер 10-қабат терезесінің сыртында қалған екі жігітті құтқарып қалған еді.
Журналистер Артем Шляхов, Александр Жданов және Дамир Байманов бірден әрекет еткен. Алдымен олар жігіттермен сөйлесіп, өздігінен ішке кіруге көндіруге тырысқан. Алайда бұл нәтиже бермеген. Уақытты жоғалтпау керегін түсінген журналистер терезеге жүгіріп барып, екі жігітті ұстап, күшпен кеңсеге кіргізген.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
