Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда журналистер 10-қабат терезесінің сыртында қалған екі жігітті құтқарып қалды

құтқару
Фото: Видеодан скрин

Алматыдағы Bes.Media редакциясындағы қарапайым таң күтпеген оқиғамен басталды. Жұмысқа келген журналистер кеңсенің 10-қабатындағы терезенің сыртында тұрған екі жігітті байқап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жағдай өте қауіпті болған. Жігіттердің кез келген абайсыз қимылы биіктен құлап кетуге әкелуі мүмкін еді.

Журналистер Артем Шляхов, Александр Жданов және Дамир Байманов бірден әрекет еткен. Алдымен олар жігіттермен сөйлесіп, өздігінен ішке кіруге көндіруге тырысқан. Алайда бұл нәтиже бермеген.

Уақытты жоғалтпау керегін түсінген журналистер терезеге жүгіріп барып, екі жігітті ұстап, күшпен кеңсеге кіргізген.

Құтқарылғандарға көмек көрсетілді

Оқиға орнына жедел қызмет мамандары келген. Жігіттерге алғашқы көмек көрсетіліп, кейін медицина қызметкерлеріне тапсырылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы полиция департаменті Артем Шляховқа, Александр Ждановқа және Дамир Баймановқа батылдығы мен дер кезінде әрекет еткені үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 6-қабаттан құлаған қыздың өліміне қатысты күдіктінің жақындары өз нұсқасын айтқаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2026 12:42