Сауд Арабиясы халқы әуе шабуылы туралы хабарлама алды: Зымырандар мен дрондар қағып түсірілді
Жексенбі күні таңертең Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд тұрғындарының ұялы телефондарына "жау тарапынан әуе шабуылы қаупі бар" деген ескерту хабарламасы келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Эр-Рияд тұрғындарына келген ескерту хаббарламаның мәтіні жарияланды.
"Назар аударыңыз! Аймақта әуе шабуылы қаупі жарияланды. Сабыр сақтаңыз, ғимарат ішінде немесе терезелер мен есіктерден алыс қауіпсіз жерде болыңыз", – делінген хабарламада.
Эр-Рияд тұрғындарының айтуынша, қалада бірнеше жарылыс дауысы естілген. Сондай-ақ әуежай жұмысында елеулі қиындықтар туындаған. Ұшақтардың қозғалысын бақылайтын FlightRadar24 сервисі бірқатар рейстің ұзақ уақытқа кешіктірілгенін және кейбір рейстердің тоқтатылғанын хабарлады.
AFP агенттігінің тілшісі Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай-газ компаниясы Aramco-ға тиесілі жанармай сақтайтын резервуардағы өртті сөндіріп жатқан өрт сөндірушілерді көрген.
"Әуежай орналасқан жақтан қара түтін мен отты көрдік", – деді тұрғындардың бірі.
Алайда ескерту жарияланған соң бірнеше минуттан кейін шабуыл туралы ескерту жойылды.
Кейін хуситтер Эр-Риядтағы маңызды нысандарға зымырандар мен дрондар арқылы соққы жасағанын мәлімдеді. Алайда олар нақты қандай нысандарға шабуыл жасалғанын айтпады.
Сонымен қатар хуситтер Қызыл теңіз жағалауындағы Сауд Арабиясының Янбу мұнай портында орналасқан Aramco нысанына да соққы жасағанын мәлімдеді.
Кейін Сауд Арабиясы бастаған әскери коалицияның өкілі Түрки әл-Мәлики X әлеуметтік желісінде саудиялық әскерилердің екі баллистикалық зымыранды ұстап, жойғанын мәлімдеді. Зымырандарды хуситтер Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Хамис-Мушайт қаласына қарай ұшырған.
Сондай-ақ Эр-Рияд қаласына бағытталған ұшқышсыз ұшу аппараты да ұсталып, жойылған.
Бұдан бірнеше сағат бұрын коалиция өкілі Сауд Арабиясына зымыран ұшыру үшін пайдаланылған екі зымыран қондырғысының жойылған сәтін көрсететін бейнежазбаны жариялады.
Еске салсақ, бұған дейін Сауд Арабиясында Эр-Рияд әуежайына екінші рет шабуыл жасалғаны туралы жазған едік. Ал 10 қазандағы соққыдан 12 адам қаза тауып, тағы 309 адам жараланған. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
