Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясында жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

Жарылыс
Фото: Reuters

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы әуежайларға жасалған шабуылдарға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты аталған елде жүрген қазақстандықтарға:

  • сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды;
  • нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды;
  • адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды;
  • шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынды.

Төтенше жағдайға тап болғандарға Қазақстанның Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе Жиддадағы Бас консулдығына хабарласу ұсынылды.

Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері: Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77.
Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.

Еске салсақ, бұған дейін Сауд Арабиясында Эр-Рияд әуежайына екінші рет шабуыл жасалғаны туралы жазған едік. Ал 10 қазандағы соққыдан 12 адам қаза тауып, тағы 309 адам жараланған. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 12 Қазан, 2026 21:14