Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі мұғалім кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілінді

Алматы облысының Үштөбе қаласында екі дене шынықтыру мұғалімі 16 жастағы қыздарды зорлады деген күдікке ілінді.

Алматыда ер адам өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, бір әйелді бірнеше рет зорлаған

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, тамыз айының ортасында Үштөбе қаласының полициясына 16 жастағы екі жасөспірім қыздың ата-анасы арыз жазған. 

Осыдан соң қаладағы әртүрлі мектептерде жұмыс істеген екі дене шынықтыру мұғалімі қамауға алынған. Оларға кәмелетке толмаған екі жасөспірімге бірнеше рет зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды.

Қыздардың бірі колледж студенті, екіншісі мектеп оқушысы. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменованың айтуынша, олар бұл фактілер туралы біледі. Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізуде. Бөлім басқа ақпаратты жариялай алмайды. Екі мұғалім де отбасылық адамдар екенін, жұмыс орнында жағымды мінездемелермен сипатталғанын айтты. 

Жаңыл Сүлейменова тергеудің аяқталуын күту керек деп қосты. Алматы облысы білім басқармасының хабарлауынша, іс «Зорлау» бабы бойынша қозғалған. Басылым бұл іске үшінші күдікті бар екенін, оның білім беру саласында жұмыс жасамайтынын атап өтті. 

Талқылау