Әлемдік жұлдыз Шакира концерт өткізу үшін Қырғызстанға келді
18 қазанға қараған түні әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира Қырғызстанға келді. Әншіні жергілікті билік өкілдері "Манас" халықаралық әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұлдызды қарсы алғандардың қатарында Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков, президент істері басқарушысының бірінші орынбасары Бообек Салимжанов және концерт ұйымдастырушылары болды.
Бішкекке келгеннен кейін әнші Instagram парақшасында суретін жариялап, "Салам, Қырғызстан!" деп жазба қалдырды.
Еске салайық, әлемге танымал әнші Шакира Орталық Азияда алғаш рет концерт береді. Ол 18 қазанда Қырғызстан астанасы Бішкекте өнер көрсетеді. Қыркүйек айының басында Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Тұманбаев Шакираның жақын арада Бішкекте жеке концерт беруі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Ол әншімен бірге түсірілген видеоны да жариялаған еді.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады
