Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шакира Орталық Азияда алғашқы концертін Бішкекте беретін болды

Шакира Бішкекте концерт береді
Фото: Shakira.com

Әлемге танымал әнші Шакира Орталық Азияда алғаш рет концерт береді. Ол 18 қазанда Қырғызстан астанасы Бішкекте өнер көрсететін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Тұманбаев Instagram желісіндегі парақшасында ресми түрде жариялады.

"Шакира алғаш рет Орталық Азияда өнер көрсетеді. Әлемдік жұлдыз Бішкекке келеді", – деп жазды ол.

Тұманбаевтың айтуынша, 18 қазанда Бішкек Шакираның әлемдік туры өтетін қалалардың қатарына қосылады.

Қыркүйек айының басында Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Тұманбаев Шакираның жақын арада Бішкекте жеке концерт беруі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Ол әншімен бірге түсірілген видеоны да жариялаған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Эминем мен Шакира Қазақстанға келіп, концерт беретіні туралы ақпарат шыққан еді. 2026 жылдың сәуірінде Шакира Алматыда концерт беруі мүмкін екені айтылғанымен қос тарап ресми келісімге келмеген. 

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек, 2026 09:14