Канье Уэсттің концерті Алматыға шамамен 5 миллиард теңге әкелді
First Media Group Алматыда өткен YE концертіне қанша көрермен қатысқаны және қалаға қанша пайда түскені туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Канье Уэст концертіне келгендердің 7700-і басқа елдерден келді, яғни елге Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, БАӘ, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия және Аустралия (барлығы шамамен 50 ел) елдерінен қонақтар келген. Қонақтардың арасында шамамен 2000 халықаралық жанкүйер болды, олардың көпшілігі әртістің әлемдік турне кестесін ұстанады және бірнеше концерттерге қатысады.

Шетелдік қонақтардың келуі қонақ үйлерге, қоғамдық көлікке, мейрамханаларға және басқа да қалалық қызметтерге қосымша сұраныс тудырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, туристік ағын шамамен 5 миллиард теңге пайда әкелді.
Еске салсақ, Дженнифер Лопестің концерті Алматыға 10 миллиард теңге әкелген еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар