Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Сайран көлінің маңынан қару мен оқ-дәрі табылды

қару полиция
Фото: Видеодан скрин

Алматының жеке секторындағы үйлердің бірінің маңынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды. Қауіпті заттар Сайран көлінің жағалауына жақын орналасқан Садовников көшесінен анықталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шұғыл жеткен. Полиция қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңда белгіленген процессуалдық тәртіппен тәркілеп, сараптамаға жіберді.

Алдын ала мәлімет бойынша, табылған қару газды қару санатына жатуы мүмкін.

Қазір жедел бөлімшелер табылған қарудың қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін анықтап жатыр. Сонымен қатар оның қандай да бір қылмыс жасау кезінде қолданылған-қолданылмағаны тексеріліп жатыр.

Қаруды кімнің қалдырғаны және оның қандай оқиғаға қатысы бар екені әзірге белгісіз. Бұл сұрақтарға полиция жүргізіп жатқан тексеру нәтижесінде жауап беріледі.

Бұған дейін Астанада элиталық тұрғын үйде шетелдіктерден қару-жарақ табылған еді. Астана қаласындағы элиталық "Хайвил" тұрғын үй кешенінде, Назарбаев Университеті маңындағы пәтерлердің бірінен қару-жарақ сақтаған екі шетелдік ұсталды. Оларда мылтықтар мен тапаншалар болғаны хабарланды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 23 Қараша, 2026 08:49