Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

+25°С-қа дейін күн жылиды: Синоптиктер алдағы ауа райын болжады

жаңбыр алдағы күн ауа райы
Фото: pixabay.com

24-26 қараша күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклондар сериясы өтеді. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр мен қар жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, 24 қарашада Қазақстанның кей аймақтарының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болады. Еліміздің суық аймақтарында көктайғақ күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал.

“Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанады”, – деп жазды Казгидромет.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндізгі температура +15…+25 градусқа дейін жоғарылайды.

 

Еске сала кетейік, "Қазгидромет" қараша айына арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы болғанымен, айдың екінші жартысында елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында түнгі аяз 18°C-қа дейін жетпек.

Ислам Әден
Дүйсенбі, 23 Қараша, 2026 10:53