Астанада әйелді аңдып, бөксесін ұстаған ер адам 10 тәулікке қамалды
Астанада аялдамадан жұмыс орнына дейін бейтаныс әйелді аңдып, телефон нөмірін талап етіп, бөксесін ұстаған ер адам 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот шешімі 16 қазанда шықты. Ер адамның әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылды. Сот отырысында ол кінәсін мойындаған. Жаза тағайындау кезінде сот оның мас болғанын, әйелді ұзақ уақыт аңдығанын және жеке басына қол сұққанын ескерген.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада бойжеткен өзіне бейтаныс ер адамның ғимарат алдында бөксесінен ұстағанын айтып шағымданған болатын. Ол қорыққаннан ғимаратқа кіре сала жылап қалған. Абыржыған қыз полициядан көмек сұрағанымен, тәртіп сақшылары бейнекамера таспасынан ештеңе байқамағандарын айтып, қауіп төніп тұрмағанын алға тартқан.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады
