65 жастағы қазақстандық арманын орындау үшін Меккеге велосипедпен барып келді
Оралдық 65 жастағы ер адам көптен бергі арманын орындау үшін велосипедпен Меккеге барып қайтты. Жәрдем Атауов төрт айға жуық уақытын жолда өткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
65 жастағы саяхатшы Жәрдем Атауов осындай ұзақ сапарды еңсерген. Орал тұрғыны велосипедпен 6 700 шақырым жол жүріп өткен.
Белгілі болғандай, қажылыққа бару оның көптен бергі арманы болған. Алайда ұзақ сапарға аттанбас бұрын Жәрдем Атауов толық медициналық тексеруден өтіп, бірнеше ай бойы тыңғылықты жаттыққан.

Ол велосипедпен сапарға шыққан әр күнін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап отырған. Ал туған жеріне оралған күні оны туыстары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.
Еске салсақ, Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берген еді.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады