Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүкті ме?" Динара Сәтжанның желіде жариялаған видеосы қызу талқыға түсті

Динара Сәтжан
Фото: Instagram.com/dinarasatzhan

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның желіде жариялаған видеосы көпшіліктің назарын аударды. Қолданушылары оның сырт келбетіндегі өзгерістерді байқап, үшінші сәбиін күтіп жүрген болуы мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында тележүргізуші Дубайдағы демалысынан видео жариялап, оқырмандарына қаланың тарихи орындарын таныстырған. Алайда көпшіліктің назары Динараның әңгімесінен гөрі оның сырт келбетіне ауған.

Желі қолданушылары тележүргізушінің сәл толысқанын айтып, жүкті болуы мүмкін екенін жарыса жазды. Тіпті кейбірі оны құттықтап үлгерген.

“Бетіңіз нұрланып кетіпті, жүкті емессіз бе?”, “Жүктілік өзіңізге сондай жарасады”, “Ішіңіз байқалып қалыпты”, “Динара, қандай әдемісіз!”, “Аман-есен босанып, бауырыңызға басыңыз”, “Ұл дүниеге әкеліңіз”, – деп жазды желі қолданушылары.

Дегенмен Динара Сәтжан бұл болжамдарға әзірге жауап берген жоқ. Сондықтан оның жүкті екені туралы ақпарат ресми расталмады.

Айта кетейік, биыл қыркүйекте тележүргізуші 44 жасқа толды. Оның алғашқы некесінен Даниал есімді ұлы мен Диана есімді қызы бар. Жақында тұңғыш ұлы Даниал сүйіктісі Айнұрға үйленді.

Ал 2025 жылғы сәуірде Динара Сәтжан кәсіпкер Жұмабек Жанықұловпен ресми түрде некесін қиды. Жақында балалы болғысы келетінін айтып, ЭКО-ны қарастырып жүргенін мойындаған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 16 Қазан, 2026 18:55