"ЭКО-ны қарастырып жүрмін": Динара Сәтжан балалы болғысы келетінін айтты
Фото: https://www.instagram.com/dinarasatzhan
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан “Мамский әңгімеге” берген сұхбатында балалы болуға қатысты жоспарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тележүргізуші балалы болудың жолдарын зерттеп жүргенін айтты.
“Мен ЭКО-ны қарастырып жүрмін, себебі біздің жаста ғылымға сену маңызды. Қазір ғылым өте дамыған, баланың дені сау болып дүниеге келуі үшін барлық тәуекелді алдын ала анықтай алады. Сондықтан бұл жолды да ой елегінен өткізіп жүрмін. Бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы қозғап, айтып жүргеніммен, бір күні өзім осындай қызметке жүгінемін деп ешқашан ойламаппын. Дегенмен қазір осы мүмкіндікті де қарастырып отырмын. Бірақ бәрі бір Алланың қолында, сондықтан бұйырғаны”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжанның неке қию кезіндегі образы қызу талқыға түскені хабарланған еді.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"