Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да аюлар ауылдарға жақындап, бұзауды жеп кеткен

Аю ШҚО-да ауылға жақын шығып кеткен
Фото: Видео кадрларынан скрин

Шығыс Қазақстан облысында аюлар елді мекендерге жақындай бастаған. Алтай ауданында жыртқыштар бірнеше ауылдан байқалып, Ландман ауылында аю бұзауды жеп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Noks.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тұрғындардың айтуынша, Малеевск пен Путинцево ауылдарының арасындағы Хамир өзенінің маңында тұрғындар аюға тап болған.

Аюдың қонжығы адамдар жиі демалатын жердің маңында жүрген. Ол ағашқа өрмелеп шыққанымен, адамдарды көрген соң бұталардың арасына қашып кеткен. Аюларды Быково ауылынан да байқаған.

Малеев ауылдық округінің әкімі Бақыт Исаевтың айтуынша, жабайы аңдардың пайда болғаны туралы орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету тобына хабар берілген. Әкімнің сөзінше, бұған дейін елді мекендерде және олардың маңында аюлардың мұншалықты көптеп көрінуі байқалмаған.

 

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 17 Қазан, 2026 20:08