Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамханаға таңғы ас ішуге барған әйел күйіктен қаза тапты: Даяшы шамның отынын қонаққа құйып алған

 

Даяршы әйелді күйдіріп тастады
Фото: needtoknow.co.uk

Колумбияда мейрамханадағы отбасылық таңғы ас қайғылы жағдаймен аяқталды. Даяшы үстел үстіндегі шамға отын құймақ болғанда, жалын 57 жастағы әйелдің шашы мен киімін шарпыған. Денесінің 70 пайызы күйіп қалған әйел көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Need To Know басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға Букараманга қаласындағы Hello Life мейрамханасында болған. Мұнда 57 жастағы инженер-эколог Ханет Милен Суарес Сааведра күйеуі Хосе Луис Родригеспен бірге таңғы ас ішуге келген. Оның күйеуі бұған дейін Сокорро қаласының мэрі болуға үміткер болған.

Қайғылы жағдай даяшы қызмет көрсету кезінде үстел үстіндегі спирт шамына отын құймақ болған сәтте болған.

"Қызметкердің қателігінен тұтанған отын әйелдің үстіне шашыраған. Жанармай оның шашын, бетін, мойнын және спорттық киімін бірден шарпыған. Әйелдің күйеуі мен көрші үстелде отырған басқа келуші жалынды қолдарымен сөндіруге тырысып, өздері де күйік алған", – делінген хабарламада.

Есін білетін әйел медицина қызметкерлеріне мұның жазатайым оқиға екенін айтып, ұлын шақыруды өтінген. Дәрігер болып жұмыс істейтін ұлы оқиға орнына жедел жәрдемнен бұрын жеткен.

Зардап шеккен әйел денесінің 70 пайызы күйіп, Колумбия халықаралық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Дәрігерлер оны жасанды комаға енгізгенімен, өмірін сақтап қала алмады. Жансақтау бөлімінде 11 күн жатқан әйел көз жұмды. Ал күйеуіне күйік бөлімінде медициналық көмек көрсетіліп, сол күні ауруханадан шығарылған.

Оқиғадан кейін мейрамхана жұмысын жалғастырған. Қаза тапқан әйелдің туыстарымен тек екі күннен кейін, оқиға туралы ақпарат БАҚ-та жарияланған соң байланысқа шыққан. Мейрамхана өкілдері отбасыға көңіл айтып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеумен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеген.

Еске салайық, бұған дейін Өлім жазасына кесілген әйел екі өлім инъекциясынан кейін тірі қалғанытуралы хабарлаған болатынбыз. Әйел кейін медициналық мекемеге жеткізілген.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 17 Қазан, 2026 18:49