Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанда мектеп шатыры опырылып 29 адам қаза тапты: Тоқаев пәкістандықтарға көңіл айтты

Пәкістан мектеп шатыры опырылды
Фото: Reuters

Пәкістанның Пешавар қаласында мектеп ғимаратының шатыры опырылып, бірнеше адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев Пәкістан халқының қайғысына ортақтасты.

“Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты”, – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мектеп шатырының опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 29 адамға жетті.

Дәрігерлердің мәліметінше, 40-тан астам адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Құқық қорғау органдары шатырдың опырылу себебін анықтауға кірісті. Білім беру мекемесінің басшысы ұсталды. 

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 17 Қазан, 2026 16:35