Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда дүкенге кіріп ет, тауық еті мен азық-түлік ұрлаған жігіт 2 жылға сотталды

Азық-түлік ұрлаған жігіт
Фото: magnific.com

Павлодарда 26 жастағы жігіт түнде тауық сататын дүңгіршекке кіріп, ет пен көкөніс және 94 мың теңгені ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Irbistv.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Сот үкімінде көрсетілгендей, оқиға 2026 жылғы маусымның ортасында болған. Жігіт ішке кіру үшін терезені күшпен ашқан.

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, жігіт дүңгіршектің ішінде жүріп, 7 келі тауық етін, 4 келі сиыр етін, 2 келі наггетс, 5 келі фри картобын, сондай-ақ қызанақ, қияр, салат жапырағы, сарымсақ, бес бөтелке тұздық және 94 мың теңге ақшаны жасырын ұрлаған.

Сотта ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды. Үкім шығаруда жігіттің бұған дейін де бірнеше рет құқық қорғау органдары мен соттың назарына іліккені ескерілген.

“2021 жылы ол ұрлық жасағаны үшін сотталған. Арада жарты жыл өткенде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жаза алған. Ал 2024 жылы тағы да ұрлық жасағаны үшін сотталған”, – делінген хабарламада. 

Бұл жолы ол кінәсін мойындап, ең төменгі жаза тағайындауды сұраған. Сот 26 жастағы павлодарлықты кінәлі деп танып, қатаң режимдегі колонияда 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 17 Қазан, 2026 14:52