Әйел суретке түсіру үшін зират басынан 96 раушан ұрлаған
Ресейдің Алтай өлкесінде зираттан 96 раушан гүлін ұрлап кеткен әйелге сот үкімі шықты. Ол гүлдерді суретке түсу үшін алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, әйел марқұмдарды еске алу күні зираттағы қабірлердің бірінен үлкен гүл шоғын көрген. Кейін 96 раушанды алып кетіп, олармен суретке түспек болған.
Алайда гүлдер марқұм әйелінің қабіріне арнайы әкелінген болып шықты. Марқұмның күйеуі қымбат әрі көлемді гүл шоғын сатып алу үшін бірнеше ай бойы ақша жинаған.

Сот әйелді бөтеннің мүлкін ұрлап, жәбірленушіге елеулі шығын келтірді деп таныды.
“Сотталушыға жасаған әрекеті үшін, ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Іс Петропавл аудандық сотында қаралған.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген