Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 15 жасар бала желіде порно роликтер мен суреттерді сатқан

Қызылорда облысының 15 жасар тұрғыны әлеуметтік желілерде порнографиялық суреттер мен видеоларды сатумен айналысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Желіде бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы күрес орталығының мамандары «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде порнографиялық фотосуреттер мен бейнежазбалардың таралу фактісін анықтады. 15 жастағы ер баланың порно суреттер мен видеоларды сатқаны белгілі болған", - делінген хабарламада.

"Психолог және қамқоршысымен әңгіме қозғау барысында бала жыл басынан бері желіден порнография сілтемелерін сатып алып, оны қымбат бағаға сатқаны мойындаған", - дейді баспасөз қызметі. 



Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Ішкі істер министрлігі интернеттегі заңсыз контенттің балалар мен жасөспірімдерге кері әсер беретінін айтты.

"Ата-ананың бақылауының болмауы, отбасылардағы тәрбиенің дұрыс берілмеуі және бақыланбайтын интернетке қолжетімділік, зорлық-зомбылық пен порнографияны насихаттауға,  кәмелетке толмағандардың өздері зорлық-зомбылықтың құрбаны болуына немесе қылмыс жасауына әкеліп соқтырады", - деді қылмыстық полиция департаментінің киберқылмыспен күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтандағы онлайн сабақта порно көрсетілген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр