Нұр-Сұлтандағы онлайн сабақта порно көрсетілген: Шенеуніктер оқиғаға қатысты жауап берді

Нұр-сұлтан қаласы білім басқармасының өкілдері елордалық полицейлерге математика сабағы кезінде трансляцияға қосылып анайы видеоны кім және қалай істегенін анықтау үшін жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

онлайн оқу

Оқиға елордада 3 қыркүйекте болған. Бесінші сынып оқушыларын ZOOM платформасында оқыту процесіне бөгде адам араласып, балалардың компьютер экрандарында әдепсіз слайдтар мен әдепсіз сөздер көрсетіп, сабаққа кедергі жасаған.

"Ата-аналардан және мұғалімнен хабарлама алғаннан кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн-кеңес өткізді, оқушылармен чаттар мен платформаларда жұмыс істеу кезінде этиканы сақтау туралы тәрбие жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ, кешке ата-аналар балаларының ұялы телефондарын тексерді, бірақ ештеңе анықталған жоқ", - деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы.


Сондай-ақ, ведомство оқиғадан кейін онлайн-сабақтар Microsoft Teams платформасына көшірілгенін атап өтті. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін елордалық полиция департаментіне хат жолданды. 

Естеріңізге сала кетейік, оқиға туралы Facebook-тегі парақшасында Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны Жанна Нұрмағамбетова хабарлаған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр