ВТБ Банк (Қазақстан) жобасының арқасында не үйрендік?
2020 жыл аяқталуға санаулы күндер қалды. Әдетте жыл соңына қарай жұмыс нәтижелері мен қорытындыларын жасау қалыпты дүние. Біз де дәстүрді бұзбай, биыл "ВТБ Банктің (Қазақстан) бизнес кеңестері" айдары арқылы не үйренгенімізді сараламақпыз.
Ғаламдық пандемия адамзаттың бірқатар жоспарларын өзгерткені белгілі. Карантин мен шектеу шаралары бизнес пен қаржы саласына үлкен соққы болып тигені анық. Дегенмен "ВТБ Банктің (Қазақстан) бизнес кеңестері" арқасында біз сіздермен бірге коронадағдарыс кезінде қаражатыңызды қалай дұрыс басқарып, бизнесті дағдарысқа орай икемдеуді үйрендік.
1. Коронадағдарыс жағдайында несиені қалай алу керектігін білдік
Несие алуды ойланып жүрсеңіз, бірнеше кеңесті естен шығармаған абзал. Ең бастысы, банктен қарызды тек қатты қажет болған жағдайда алған дұрыс. Бұған қоса, мамандар келісімшартты мұқият оқып, ақшаны санауды естен шығармауға кеңес береді. Көптеген адамдар несиені өтеуде тек өздерінің жалақыларына сенеді. Дегенмен ертеңгі күнді ойлап, қосымша "Б" жоспарын құрсаңыз, ешқашан ұтылмайсыз.
Толығырақ >>> Коронадағдарыс жағдайында несиені қалай алған дұрыс?
2. Коронадағдарыс кезінде қаражатты қайда сақтаған дұрыс екенін анықтадық
Әрбір адам үшін қаржыны сенімді жерде сақтаудан бөлек, оның тұрақты өсіммен қамтамасыз етілуі маңызды. Осы тұста, тәуекелге бел бумай, өз ақшаңызды мерзімді салымдарға құйған абзал. Еліміздегі банктер ұсынатын бұл қызметтің өзектілігі қазір, пандемия тұсында артты.
Толығырақ >>> Коронадағдарыс кезінде қаражатты қайда сақтаған дұрыс?
3. Дағдарыс кезінде қалай дұрыс үнемдеу керек екенін үйрендік
Қаржы үнемдеудің амалдарын білу ешкімге де аздық етпейді. Алайда кей жағдай үнемделген ақша сізді қиын-қыстау кезеңнен құтқармауы мүмкін. Осы тұрғыда сізге көмекке банк депозиті келеді. Депозиттік салымдарды аша отырып, сіз өзіңіздің қаржылық жинақтарыңызды сақтайсыз және көбейтесіз. Ақша үнемдеудің басқа қандай жолдары бар?
Толығырақ >>> Дағдарыстағы үнемдеу: шығындарды ақылмен басқарудың жолдары
4. Депозит ашуға сенімді банкті қалай таңдау керектігін білдік
Көп жағдайда банкте депозит ашқысы келген адам қай қаржы ұйымын таңдау керектігін білмей дал болады. Сенімді банк - сіздің "сенімді досыңызғ"а айналады. Себебі сіз бірінші кезекте сіз банкке өз ақшаңызды табыстайсыз. Мәселен, банктің сенімділігін көрсететін кредиттік рейтинг, құқықтық критерий, жұмыстың тиімділігі сынды түсініктер бар. Біз олардың әрбіріне жеке-жеке тоқталып өткен едік.
Толығырақ >>> Депозит ашуға сенімді банкті қалай таңдау керек?
5. Несие төлемін өзіңізге ыңғайлы етудің жолдарын үйрендік
Бүгінгі күні банк несиесі қазақстандықтардың арасында танымалдылыққа ие өнімдердің бірі деп айтсақ қателеспейміз. Банктің бұл қызметінің дамуына орай қазірде несие төлемін ыңғайлы етудің түрлі жолдары ұсынылуда. Солардың бірі - несиені қайта қаржыландыру. Қайта қаржыландыру арқылы сіз арыз бойынша ай сайынғы жарналарды азайтып, несие кезеңін қысқарта аласыз. Бұдан бөлек, бұл қызметті таңдай отырып, ие болатын мүмкіндіктер мұнымен бітпейді.
Толығырақ >>> Несие төлемін өзіңізге ыңғайлы етудің жолдары
6. Шағын бизнес иелері жіберетін қателіктерді білдік
Қарапайым кәсіпкерлер бірқатар қателіктерге бой алдырады. Бұл - қалыпты құбылыс. Десек те кей жағдайда мұндай қателіктердің арты сізді қиындықтарға әкелуі ғажап емес. Өз кәсібін бастағандар нені білуі қажет? Қандай қателіктер сіздің бизнесіңіз үшін қауіптірек?
Толығырақ >>> Шағын бизнес иелері жіберетін қателіктер
7. Шағын бизнесте ақша ағынын қалай бақылауға болатынын меңгердік
Шағын бизнеспен айналысатындар көбіне ақша ағымын дұрыс бақылай алмағандықтан сан соғып қалатын кездері болады. Мұндай мәселеге тап болмау үшін қарыз қаражатты пайдаланудың және бюджетті бақылаудың жолдарын жетік білген жөн. Сондай-ақ, серіктес банкті таңдаудан жаңылмау керек. Кәсіпкерлер бұдан бөлек тағы нені білген жөн?
Толығырақ >>> Шағын бизнесте ақша ағынын қалай бақылауға болады?
8. Бизнеске арналған депозиттердің түрлерін білдік
Жеке клиенттерден бөлек, банктерде бизнеске арналған депозиттер де қарастырылған. Кәсіпкерлер үшін шағын және орта бизнеске арналған депозиттер қосымша кіріс көзі бола алатыны анық. Қаржыны тиімді басқаруға, капиталды қауіпсіз жерде сақтауға және қосымша пайда табуға көмектесетін бизнес депозитердің артықшылығы жетерлік.
Толығырақ >>> Орта және шағын бизнеске арналған депозит
9. Бизнесті қаржыландырудың 5 тиімді тәсілін үйрендік
Бизнеске қосымша қаражат тартудың маңызы зор. Қосымша қаражат сатылымды арттыруға, жаңа техника алуға, ерекше өнім шығаруға, компанияңыздың басқа қырынан танытуға, жалпы алғанда бизнесіңізді дамуына ықпал етеді. Сыртқы қаржыландыруды тартудың бірнеше әдісі бар.
Толығырақ >>> Бизнесті қаржыландырудың 5 тиімді тәсілі
10. Бизнеске ұжымдық карталар не үшін керек екенін білдік
Бизнестің ауқымына, ерекшелігіне және туындайтын міндеттерге байланысты ұйымдар өздеріне ыңғайлы банктен ұжымдық карта аша алады. Ұжымдық карта арқасында есептік шотқа тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігі бар. Мұндай карталарды күнделікті өмірде пайдаланып, кез келген шығынды төлеуге болады.
Толығырақ >>> Бизнеске ұжымдық карталар не үшін керек?
Stan.kz редакциясы мен ВТБ Банк (Қазақстан) бұл айдарының негізгі мақсаты - халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және банктің қызметттері жайлы түсіндіру. Біздің "ВТБ Банктің (Қазақстан) бизнес кеңестері" бөлімінде жарияланған мақалаларды оқи отырып, ойыңызға пайдалы дүние түйдіңіздер деген сенімдеміз.